Арал теңізі – Қазақстан мен Өзбекстан аумағында орналасқан көл. Әлемдегі «Каспий теңізі», Солтүстік Америкадағы « Жоғарғы көл» және Африкадағы « Виктория» көлінен кейінгі төртінші ірі тұйық көл болған табиғи су айдыны.
1960-жылдардан бастап Әмудария мен Сырдария өзендерінің суларын ауыл шаруашылығына жаппай пайдаланылуы нәтижесінде теңіз деңгейі 22 метрге төмендеп, ауданы 68,9 мың км²-ден 8 мың км²-ге дейін қысқарды. Бұл құбылыс өңірдің табиғи тепе-теңдігін күрт бұзып, Арал өңірінде күрделі экологиялық жағдайдың қалыптасуына алып келді. Қазіргі уақытта Арал екі бөлікке бөлінген: солтүстіктегі Кіші Арал және оңтүстіктегі Үлкен Арал.
2006 жылы САРАТС жобасы аясында пайдалануға берілген ұзындығы 13 шақырымдық Көкарал бөгеті Сырдарияның ағысын Кіші Аралда ұстап, оның деңгейін 12 метрге дейін көтеруге және тұздылығын төмендетуге мүмкіндік берді. Қазіргі Кіші Аралдың ауданы шамамен 3,3 мың км², су көлемі 27 миллиард текше метр, жағалау сызығының ұзындығы 1 200 км-ден асады. Ал Үлкен Арал іс жүзінде бірнеше тұзды су қоймасына бөлініп, экологиялық тұрғыда құлдыраған күйінде қалып отыр.
Арал теңізі және Орталық Азияның су ресурстары мәселелері // URL: https://www.un.int/uzbekistan/news/problems-aral-sea-and-water-resources-central-asia
Ел сенімін жалғаған жоба // URL: https://egemen.kz/article/334255-el-senimin-dgalghaghan-dgoba
Report Reveals World's Fourth Largest Lake Now a Deadly Desert // https://www.sciencealert.com/report-reveals-worlds-fourth-largest-lake-now-a-deadly-desert
Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 27 миллиард текше метрге жетті // URL: https://centralasiaclimateportal.org/the-volume-of-water-in-the-northern-aral-sea-has-reached-27-billion-cubic-meters
